Абай Бегей

Әнші Абай Бегей продюсерлікпен айналыспақ. Ол жуырда жас таланттардың танылуына көмектесетін орталық ашпақ. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Әнші жаңалығымен «Ел аузында» бағдарламасында бөлісті.

«Алла қаласа, осы немесе келесі жылы продюсерлік орталық ашқым келіп отыр. Соны жақсылап қолға алып жатырмын. Басқа қалаларда, аудандар мен ауылдарда жүрген талантты жастардың танылуына себепші болмақпын. Өзімнің үлкен сахнаға келуіме Лұқпан Жолдасов пен әріптесім Нұрлан Еспанов көмектескен болатын. Сол сияқты мен де өзгелерге қол ұшын созбақпын», — деді ол.

Пікір қосу