Servicemen of the Russian National Guard push people back onto sidewalks during an anti-corruption protest organised by opposition leader Alexei Navalny, on Tverskaya Street in central Moscow, Russia June 12, 2017. REUTERS/Maxim Shemetov

Дүйсенбі күні Ресейдің ондаған қаласында коррупцияға қарсы митингтер өтті. Полиция акцияны заңыз деп танып, қатысушыларды жаппай ұстады. Бұл ереуілге оппозиционер Алексей Навальный қатыса алмады. Оны үйінен шығып бара жатқан жерінен полиция ұстап алып кетті.  Соңғы мәліметтер бойынша Мәскеуде 731 адам, Санкт-Петербургте 500 адам ұсталған. Бұл туралы  juldyz.kz cайты хабарлайды.

Бұл акцияларда полиция бейбіт демонстранттарға күш қолданды. Шеруге шыққандар полицияның іс-әрекетін әлеуметтік желіге салды. Ресейдің басқа қалаларында 140 адам ұсталған. Жалпы, қамауға алынғандардың саны 1400 жеткен. Жемқорлыққа қарсы күрес қорының басшысы А. Навальный митинг өткізуде заңды бұзды деп 30 тәулікке қамалуы ықтимал. Митинг өткізуге А. Навальныйдың ғаламторға шыққан Ресей үкіметі басшысы Д. Медведев туралы фильмі себеп болған. Ол жерде В. Путинның ең сенімді серігінің жемқорлық әрекеттері мен мол байлығы  баяндалады.

Пікір қосу