Қазақстандық «Мажорлар» фильмі Швейцарияның Женева қаласында көрсетілетін болды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Шетелде картинаның көрсетілімі Қазақстандағы тұсаукесерден кейін бірден ұсынылады. Бұл туралы басты рөлді сомдаған Марсель Махмуди өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Сондай-ақ, жазбада шараға жақын шетелдердің танымал продюсерлері мен режиссерлары қатысады делінген.

«Мажорлар» кинотаспасының сюжеті Қазақстанның «алтын» жастарының бейқам тіршілігі туралы баяндайды. Картинаның басты кейіпкері — 17-жасар Марсель (Марсель Махмуди), ол өз қалауына оңай қол жеткізіп үйренген жігіт. Көптеген жасөспірімдер секілді, Марсель мен достары өмірде кім болғылары келетінін, болашақта өздерін қай салада көретіндерін ойланып, түсінуге тырысады. Бірақ, ең алдымен жігіттер жауапкершілікті, тәуелсіз болуды үйренулері қажет.

Негізгі кейіпкерлерді Әнуар Талғатов, Бахтияр Байсерік және Айым Сейтметова сомдады. Сондай-ақ, картинаға Сиви Махмуди, Байғали Есенәлиев, Михаил Токарев және т.б. актерлар түсті.

Айта кетейік, драманың тұсаукесері 15-маусымынан 20-шілдеге ауыстырылды.

Пікір қосу