«Festival of Nations» 45-інші халықаралық кинофестивальінде режиссер Бахтияр Исламовтың «Эдип тұратын жақта» қысқаметражды фильмі «Үздік эксперименттік фильм» номинациясына ие болды,- деп хабарлайды juldyz.kz порталы фильм продюсері Дарья Корнееваға сілтеме жасап.

«Эдип тұратын жақта» — Алматы облысында түсірілген қысқа метражды фильм. Режиссері, сценарий авторы және қоюшы-операторы — Бахтияр Исламов, продюсері — Дарья Корнеева. Ленцингте фильмнің тұсаукесері өтті. Төрешілердің айтуынша, фильм кадр айқындылығымен ерекшеленеді. Бұл соңғы бірнеше жылда фестивальға Қазақстан атынан ұсынылған бірінші фильм.

«Үздік эксперименттік фильм» номинациясын да Қазақстан бұл кинофестивальде алғаш рет иеленіп отыр.

Айта кетейік, «Festival of Nations» —  Австриядағы ертеден келе жатқан коммерциялық емес қысқа метражды фильмдер фестивалі, UNICA ұйымы (ЮНЕСКО мүшесі) және Австрия үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Фестивальге жылына әлемнің 55 мемлекетінен 1000-нан астам өтініш түседі.

Пікір қосу