Әнші Ғазизхан Шекербек әке атанды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Қазіргі уақытта әншінің жары Ботакөз бен ұлының жағдайы жақсы.
Соңғы уақыттарда Ғазизхан жеке өзі сахнаға шығып, бейнебаян түсіріп үлгерді. Жақында ғана «Еркекпін мен» атты бейнебаяны көпшілікке жол тартты.
Айта кетейік, Ғазизхан Шекербеков Қайрат Нұртастың “Байқа”, “Аңсайды жаным”, “Сен де, мен де”, “Мен оралам” сынды көптеген әндерінің авторы. Оның Қайратпен бірге орындайтын “Сүйсең сүйем” атты әні де қалың көпшілікке жақсы таныс.