Алматы қаласында аты аңызға айналған «Тақиялы періште» кинокартинасының екінші бөлімінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

1968  жылы «Қазақфильм» түсірген комедияның жалғасы «Тақиялы періште — 2» туындысы лирикалық комедия жанрындағы фильм.  Бұл фильм  – болашақ ұрпаққа мағыналық ой тастап, рухтандыратын қызықты туынды. Аталған кинокартина бүгінгі күні аяқталуға шақ қалды.

Бүгін филмьнің соңғы эпизодтары түсірілмек. Туынды биылғы жылы қалың көрерменге жол тартады деп күтілуде.  Жоба әрі сценарий авторы – III, IV,V сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, ҚР мәслихаттарының құрметті депутаты, Алматы қаласы қоғамдық кеңесі Мәдени саясат комиссиясының төрағасы Шалабаев Құсман Кәрімұлы. Айта кетейік, жоба жеке инвестицияға түсірілді.

 

 

Пікір қосу