2 маусым күні әнші Сиви Махмудидің әкесі Нәлібаев Махмұд мырза 60 жасқа толған еді. Оның туған күнін әнші дүркіретіп өткізді.

A post shared by Сиви? (@sivi_makhmudi) on

Бүгінде туған күн қонақтарының барлығы инстаграм парақшасының арқасында белгілі болып отыр. Құрметті қонақтардың қатарында әлемге танымал әнші Arash пен Дубай ТВ арнасының тілшілері де бар екен.

Жоғарыдағы бір минуттық видео Сивидің парақшасына салынғаннан кейін оқырмандар арасындағы хейтерлер  «шет елдің жұлдыздарына қаражат жұмсағаннан көрі, қайырымдылыққа неге жұмсамайды?!» деген сыңайда пікірлерін қалдырып кеткен. Сиви ханым оларға да өзінің тарапынан жауап беруді ұмытпады.

Әкеміздің 60 жас тойы болды
Мінгізер ат , соярға қойы болды
Тойынғандық емес ол, қуанышын
Ағайынмен бөлісер ойы болды

Болғаннан қызық деуші ет боладысы
Сынау ғана болған ба қонақ ісі
Дүниесін санаса мына кісі
Ысырап деп барады ана кісі
Жақсыларды шақырып жер, көктен сен
Тойды да ұнамайсың терлеп берсең
Бауырым сен де осындай той берер ең
Еңбектеген кезіңнен еңбектенсең
Тойдан бұрын әкеміз мешіт салған
Құнанбайдың жолымен кесіп салған
Қабырғасы жоқ үйге қабырға сап
Есігі жоқ уйлерге есік салған.

 

 

Пікір қосу