Қазақстан жастар құрамасы Австрияның Лейбниц қаласында өткен дзюдодан Еуропа кубогында 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болды, деп хабарлайды juldyz.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл бәсекеге елімізден 30 дзюдошымыз аттанған болатын. Спортшылармыз 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болып, командалық есепте медаль саны бойынша үшінші орын алды. Бұл додада 4 алтын, 1 қола иеленген Жапония жастары көш бастаса, екінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен еншілеген Ресей спортылары ие болды. Алғашқы алтын медальға 60 келі салмақта Нұрсұлтан Серәлі қол жеткізсе, екінші алтынды 66 келі салмақта сынға түскен Сұнғат Жұбатхан қанжығасына байлады. Ал жалғыз күмісті 60 келіде өнер көрсеткен Жасұлан Отарбек жеңіп алса, қос қолаға жастарымыздан 55 келідде сынға түскен Бауыржан Нарбаев пен 73 келіде өнер көрсеткен Барыс Қуан ие болды.