«Ақжүніс» интернет басылымында жарияланған Сәуле Әбілдаханқызының Тұңғышбай Жаманқұловпен сұхбаты төңірегінде актриса Меруерт Өтекешова 1 маусым күні «мен жайлы айтқан пікірлері барып тұрған шектен шығу, жүгенсіздік, мәдениетсіздік» деп өз пікірін білдірген болатын. Сұхбат алушы Сәуле ханым оқырмандарына осы мәселеге қатысты пікірін жариялады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Сәуле Әбілдаханқызының 2 маусым күнгі фейсбуктегі жазбасы:
Кешеден бері жеке чатқа да, ватсапқа да, «Меруерт Өтекешова бүй депті, сөй депті, көрдің бе?..» деген сұрақтар үйіліп қалыпты. Көп тілекшілерім мені емес, оны боқтапты. Соған қарағанда жақсы нәрсе айтпаған шығар деп топшыладым. Ашып оқуға — уақытымды зая кетіргім келмейді. Тек сол тілекшілерім бөліскен сілтеменің 1 ғана абзацтық анонс-мәтініне көз жүгірткенде ұққаным — Өтекешова өзі қазақша жазу былай тұрсын, ойлай алмайтыны, жаза алмайтыны белгілі, демек, бір журналистсымақтың Қыз Жібек пен Ақжүністі «жұлыстырғысы» келгені деп қорытынды жасадым. Ондай мақаланы, тем более (!) оқымаймын. Тіпті, Өтекешова «50-ге келген» менің деңгейіме «тиісуге» толық қақысы бар, өйткені оның деңгейі — 70-те. Жаманқұловпен жасаған сұхбатымдағы «Қыз Жібектен басқа рөлі жоқ, сахналық ғұмыр жоқ» деген сөзімізге қарсы уәж айтып, сол уәжін дәлелдеп берген болса, кешірім сұрауға дайынмын және кешірім сұрағаннан арланбаймын. Ал дау іздеген, аты жоқ журналистсымаққа айтарым, Өтекешова апаймен мен «төбелеседі» деп ойласаң, қателесесің. Біріншіден, ораза айы. Екіншіден, ораза болмаса да, 50-дегі мына мен 70-тегі апаммен ешқашан «жұлыспаймын». Үшіншіден, «төбелес» іздеп жүрсең, аты-жөніңді ашық жазып, сөзіңді дәлелдеп көр. Төртіншіден, дау-дамайға, «арандатушы ешкілердің» аранына еріп кетеді десең, қатты қателесесің. Ондай жазбаларды оқып, уақыт кетіру былай тұрсын, пысқырмайтын әдетім бар еді, ренжіме, бауырым. Жазар дауың (заказың) азаймасын. Сол үшін алар қаламақың бұдан да көп болсын! Бақытты бол!
Ал біз «Тұмарымды» жасауымыз керек. Саған уақыт жоқ.
Бұл сөздеріне қарағанда Сәуле ханымның журналистерге деген наразылығы байқалады. Енді бірде төмендегідей постын жария етті:
Бір жас журналист қыз біраз сұрақтар жіберіпті. Бір сұрағы:
— Мақтаныш дегенді қалай түсінесіз?
— Біреу үшін Әшімовпен түскен суретін әлеуметтік желіге салу — мақтаныш, енді біреу үшін арыстанға, басқа да жан-жануарларға арнап өлең жазу мақтаныш болса, мен үшін Жаманқұловтың сот процесінде отырған мақтаныш… Біреу әділетсіздікке қарсы шыға алмаған екіжүзділігін, түйеқұс құсап құмға тұмсығын тығып тоңқайып тұрғанын ақылдылығым, сабырлылығым деп мақтанса, мен үшін әделетсіздікпен күресу — тіпті, әлеуметтік желіде болса да әділетсіздікпен «боқтасып, төбелесу» — мақтаныш… Бәрі салыстырмалы… сол үшін жұрт мені «ақылсыз, сабырсыз, күйгелек» десе де мейлі, өздері білсін. «Сен жанбасаң лапылдап…» демекші, мен үндемесем, сен үндемесең, ол үндемесе — аузымызға құм құйып, тілімізді жұтып, мыңқиып жүре берсек, төбемізге тыша береді. Сосын күндердің күнінде екіжүзділердің, жағымпаздардың боғының астында қаламыз… онсыз да кеңірдегімізге дейін батып отырмыз…
Алла жар болсын.
Алла жар болсын, ризамын — азаматқа ара түскеніңіз үшін. Ер-азаматқа лайық қадам.