Бағаның шарықтауы мезгілге орай бірқатар азық-түлік тауарлары қорының азаюына қатысты,деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.
Басқарма мамандарының күн сайын азық-түліктің негізгі түрлеріне мониторинг жүргізуі барысында мамырда сарымсақ бағасы (41,9%) қымбаттағанын, ал қырыққабат (19,8%), сәбіз бағасы (18,2%) өскені байқалған. Көтерме өнім ұсынушылардың мәліметінше, мезгілге байланысты бұл тауарлар қорының азаюымен байланысты болып отыр. Жетіспеушіліктің салдарынан Ақмола облысынан әкелінетін картоптың сату құны 92%-ға өскен, пияз (ОҚО) 80%, сәбіз (Павлодар, Қырғызстан) 57%, қырыққабат (Ақмола облысы) 69% көтерілген. Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік бағасының негізсіз өсуін болдырмау бағытында іс-шаралар жүргізуде.
-Егер баға өскені туралы ақпарат болса, бірден Астана қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне жіберіледі. Жыл басынан бері 5 мәлімет жіберілген. 19 наурыздан апта сайын 20 жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда 31 тонна өнім саудаланды. 6 рет аймақтық жәрмеңке өткізілді (Жамбыл, ОҚО, БҚО, Атырау), шарада 754 тонна өнім сатылды, — деп хабарлайды Астана қаласының ауыл шаруашылық басқармасы.
Бұдан бөлек, Астанада сауда тауарларының тұрақтандыру қорын құру бойынша шаралар жүргізілуде. Оған бағасы қымбаттау қаупі бар тауарлар сатып алынады. Мәселе үнемі қатаң бақылауда.
http://astana.gov.kz.