Мамырдың 26-сы сайтымызда Гүлзира Айдарбекованың ренішін жеткізген болатынбыз. Димаштың «Мен әншімін» байқауына қатысқанынан кейін, расымен, халық арасында оны Қайрат Нұртаспен салыстыру белең алып кетті.
Бибігүл Төлегенованың «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатынан кейін, TengriNews тілшісі әншіден сөздерінің мән-жайын сұрағанда, төмендегідей жауап берген:
Бізде Қайрат сияқтылар мыңдаған. Мен қазір 88-демін. Осы жасыма дейін осындай қаншама «құбылысты» көрдім. Ал солар қайда? Қайрат тойларда ән айтатын адам, ол жергілікті орындаушы. Қайратты бізден басқа кім таниды, сұрап көріңіздерші (…) Ал біз оны Димашпен салыстырамыз. Екеуінің арасы жер мен көктей (…) Мен Қайрат Нұртасты әнші деп есептемеймін, тілімді кесіп алсаңыздар да солай. 5 жылдан кейін Қайрат болмайды, оған қазірдің өзінде еліктеп шығып та жатыр. Себебі мұндай өнер бәрінің қолынан келеді. Ал Димашқа еліктеу өте қиын. Димаштай болу үшін нәпақа табуға тойға бармай, бала күніңнен бастап оқуың керек.
Қандай да бір айтылған негатив пікірлерге қарамастан Қайрат жаңа фильмнің түсірілімінде жүр.