Бүгін саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні Алматыда 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Жаңа ескерткіш Алматыдағы Наурызбай батыр мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы, бұрыңғы НКВД ғимараты маңындағы саябаққа орнатылды. Осыдан 25 жыл бұрын бұл жерге ескерткіш орнатылады деп жазылған қара тас қойылған еді. Алайда, билік әуде еткен ескерткіш тәуелсіздігімізге ширек ғасыр толғанда бой көтерді. Шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, қоғам қайраткерлері, қаламгерлер мен құрбандардың ұрпақтары қатысты. Қола мен граниттен құйылған ескерткіштің биіктігі 3-метр. «Ана» монументінің авторлары Қанат Бигулиев, Айдос Бүркітбаев, Дулат Үсембаев.