Әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов Астана қаласынан балаларға арналған «Балбала әлемі» атты саябақ ашпақ. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Продюсердің айтуынша, саябақ ұлттық стильде болады. Онда тек қазақ тілінде сөйлейтін құрал-жабдықтар мен қуыршақтар қойылады.

Сондай-ақ, киіз үй – батуттың әлемде баламасы жоқ екен. Мұнда балалар ойыншық мылтықпен көздеп тигізген кезде Балбала ойыншықтар ән салатын этно-тир, қазақша әндері бар балалар машиналары болады.

Айта кетейік, продюсер саябақты балалар күніне орай 1 маусымда ашуды жоспарлап отыр.

Пікір қосу