Қасиетті Рамазан айында әнші Бағлан Әбдірайымов той орталығын ашты. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты желіде ақын Айнұр Тұрсынбаева бөлісті.

“Адамның артынан артық әңгіме айтпайтын, бос сөзді бойына жуытпайтын, екіжүзділіктен ада, атағына абыройы сай, азамат деген атына лайықты тірлікпен ғана жүретін парасатты Бағлан бауырымыз үлкен той орталығын ашып жатыр екен, Алла берекесін берсін! Оразадағы бастаманың игілігін көр!” – деп ақ тілегін жолдады Тұрсынбаева.

Айта кетейік, той-думан орталығы әншінің есімімен аталған.

Пікір қосу