Әнші Алмас Кішкенбаев алдағы уақытта продюсерлікпен айналыспақ. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Қыздар және жігіттер тобын құруға ниеттенген әнші кастинг жариялады.

“Кастинг! Жаңа музыкалық топқа талантты қыз-жігіттерді іздеймін. Өсу үшін өте тиімді шарттарым бар, жоғары дәрежелі әрі ұзақ уақытқа арналған жұмыс жобасын ұсынамын. Бой 167 сантиметрден жоғары болуы керек. Жас мөлшері 24-25-ке дейін. Фото мен видеоларды [email protected] (міндетті шарт – қазақтың халық әндерін орындау) поштасына жіберуге болады. Сәттілік тілеймін әрі сіздерді күтемін”, – деп жазды Алмас.

Пікір қосу