Бүгін Гонконгте жалауын көтерген Азия біріншілігінде біздің дзюдошылар үш медальға ие болды. Жарыстың алғашқы күні олимпиада ойындарының жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах 48 келі салмақта қола медаль алды. 73 келіде белдесетін Жансай Смағұлов болса ирандық Мохаммадом Мохаммадиді жеңіп, ол да үздік үштікті қортындылады. 66 келіде өнер көрсететін Елдос Жұмаханов финалға шыққанымен күміс медальді қанағат тұтты. Бүгін басталған Азия біріншілігі 28 мамыр күні аяқталады. Бұл додаға сары құрлықтың 29 мемлекетінен 245 татами шебері бақтарын сынап жатыр.
Өз тілшіміз