Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» Европа Лигасының жеңімпазы атанды. МЮ финалда голландиялық «Аякс» командасын жеңді. Бұл туралы  juldyz.kz сайты хабарлайды.

Бұл ойын 24  мамырдан 25 мамырға қараған түні Швецияның Стокгольм қаласында өтті. Өкінішке қарай, «Френдс Арена» стадионына жиналған жарнкүйерлер өз отандастары Златан Ибрагимовичті көре алмады. МЮ-тың  басты ойыншысы жарақатына байланысты алаңға шықпады. Алайда, атақты шабуылшы Златанды жоқтатпаған Поль Погба есепті 18 минутта ашса, армяндық жартылай қорғаушы Генрих Мхитарян 48 минутта есепті еселеп тастады. Соңғы тоғыз жыл бойы  Европа Лигасына қатысып келе жатқан «МЮ» үшін бұл бірінші кубок. Келесі маусымда Жозе Моуриньюның шәкірттері Чемпиондар лигасында доп тебетін болады.

Пікір қосу