Енді президенттікке өзін кез-келген азамат ұсына алмайды. Қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялардың мүшелері ғана өз ұйымдарының ұсынуы президенттік сайлауға түсе алады. Бұл туралы  juldyz.kz сайты хабарлайды.

Бүгін мәжіліс президенттікке кандидаттарға қосымша талаптарды қоюды қарастырған кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық  заң жобасын мақұлдады. Бұл заң жобасын парламенттің төменгі палатасында әділет министрі Марат Бекетаев таныстырды. Сондай-ақ, жобада кандидаттарға мемлекеттік қызмет те кем дегенде бес жыл тәжірбиесі болу керек деген талап бар. Әрі кандидат міндетті түрде медициналық тексеруден өту керек екен. Бұл талап «Сайлау туралы» заңға енетін болады.

Пікір қосу