Астанада ТМД жұлдыздарының қатысуымен Open Air концерті өтеді, — деп Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.

Астанада 1 маусым күні сағат 18:00-де «ЭКСПО 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне сәйкес «Қазақ елі» монументінің алаңында Open Air шоу — концерті өтеді.  Төрткүл дүние көз тігетін көңілді бағдарламаға  30-дан астам ТМД елдерінің  поп-музыкасының орындаушылары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, «ВиаГра», «Mband», Кайрат Нұртас, Глюкоза және  Төреғали Төреәлі мен Макс Барских, МОТ, Натан, Жанар Дұғалова, Айқын, Әли Оқапов,  «Орда», «Формат» «Ninety Ninety one» сынды топтар мен әншілер тамылжыта ән шырқайды.

Мереке аясында шетел және қазақ эстрадасының жұлдыздары  балалар үйі мен емханаларға барып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.

Айта кетейік, Open Air концертіне кіру тегін.  Аталмыш шара осымен үшінші рет өткізілуде.

Пікір қосу