RSPH британдық медициналық ұйымының зерттеушілері әлеуметтік желілер мен медианың жеткіншектердің денсаулығына психикалық әсерін зерттеді. Бұл туралы Reactor хабарлайды.
Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде сарапшылар қандай әлеуметтік желілердің зиянсыз және қайсылары кері ықпал ететінін анықтады.
Сонымен, жас жеткіншектердің психикасы үшін «досық қалып танытатын» әлеуметтік желі – YouTube деп танылды. Бұдан кейінгі орындарды Facebook және Twitter өзара бөліседі. Үздік бестікті Snapchat пен Instagram қорытындылайды. Бұл ретте, Instagram ең «жағымсыз» әсер ететін желі деп танылды. Сарапшылар соңғы аталған екі әлеуметтік желі жастардың бойында үрей менқорқыныш, торығу мен жабығу сезімдерін тудыруға бейім болып келетіндігін жеткізген.
RSPH басшысы Ширли Крамердің айтуынша, әлеуметтік желілер адамдардың алкоголь құмарлығы пен темекіге әуестігі секілді тәуелділікке алып келеді.
Аталмыш зерттеуге 14 -24 жас аралығындағы жеткіншектер мен жастар қатысқан.