Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әке атанды, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.
Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығымен әлеуметтік парақшасында сүйінші сұрады.
Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?! Қызым болсаң – қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?! Аллаға шүкір! Алланың жақсылығы ғой. Бүгін әке болдым! Дүниеге қызым келді!Өзім АҚШ-та болсам да сүйінші, Қазақ елі!