Дубайда Robocop есімді робот-полиция ресми түрде жергілікті ішкі істер басқармасында жұмысқа кірісті. Robocop БАӘ алғашқы темір полиция. Бұл туралы juldyz.kz сайты  kursiv порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Робот полицейдің бойы 170 сантиметр, салмағы 100 келі. Дубай ішкі істер басқармасының хабарлауынша робот қоғамдық орындарда көпшілікке жәрдемдеседі. Тәртіп бұзушылармен күресіп, қаладағы қауіпсіздікке жауап береді. Ағылшын мен арабты қосқанда Robocop жеті тілде сөйлей алады. Сондай-ақ, тұрғындар полицияның көрсеткен қызметіне осы робот арқылы неси карточкамен төлей алады.

Пікір қосу