«Жұлдыздар отбасы» журналының мамыр айындағы санында «Жол апатына түскенде не істеу керек?» деген тақырыпта Автомобилистерді қолдау қоғамдық бірлестігі Шыменкет қалалық филиалының директоры Денис Шевченко, тележүргізуші Асхат Садырбай және Нұржан Керменбаев, Роза Әлқожа сынды әншілердің пікірі жарияланған болатын. Juldyz.kz назарларыңызға Н. Керменбаев, Р. Әлқожа және А. Садырбайдың пікірін ұсынады.

Нұржан КЕРМЕНБАЕВ, әнші:

Жол апаты – Алланың сынағы екенін ескеру қажет

 

Жол апатын ешкім өзіне тілеп алмайды. Мен мұндайды Алланың ескертуі деп түсінемін. Бірде таң атуға таяу уақытта жұмыс бабымен Гагарин мен Тимирязев көшелерінің қиылысында келе жаттым. Әдетте мұндай мезгілде қалада көп көлік болмайды. Сөмкемнен бір нәрсе алайын деп өң қолымды рульден боатқаным сол еді алдымнан бір машина ағызып шыға келді. Тежегішті басып, тізгінді бұрыуға тырыстым. Осы аралықта әлі машинаның жүргізушісі көлігін сол жаққа бұрып, мені қарсы бағыттағы жолға шығарып жіберді. Алла сақтады. Көлігім шығып қалған қарсы бағыттағы машиналар алыста келе жатыр екен. Олар да маған соғылмай, дер кезінде тоқтап үлгерді. Көлігімнен түсіп, жүргізушіден жөнін сұрадым. Сөйтіп, көлік иесіне 1500 доллар өтемақы төлеп, екі аптадай таксимен жүргенім. Кейін көлігімді жөндеуден өткіздім.  Көлікке мінгелі жолыққан жолапатының ұлкені осы болды. Құдайн енді мқндайдың бетін ары қылсын. Жол-көлік оқиғасынан соң біраз уақыт сескеніп, қорқып, өзіме-өзім келе алмай жүрдім

Осы оқиғадан кейін жол ережесін бұзбауға тырысатын болдым. Бұрын бір-екі рет бұзғаным бар еді (күлді). Десе де мұндай жағдайлар үлкен қалада жиі болып тұрады. Оның басты себебі – Алматы қаласының кептелісі. Мұны өзіңіз де жақсы білесіз. Екінші себебі – қаланың үлкендігі. Ойға алған жеріңізге үлгеріп бару үшін үйден ерте шығуыңыз керек. Кейде ерте шығуға мүмкіндігіміз болмай қалады да тез жету үшін жылдамдықты арттырып жібереміз. Әрние өзіңіздің және өзгелердің қаіпсіздігі үшін жол ережесін сақтау керек.

Оқырмандарға айтарым, жол жүрерде өте сақ болыңыздар! Көбінесе  жолаушының жанын жалмайтын жолапаттары ішімдіктің салдарынан болады. Менің айтып отырған оқиғамның ішімдікке қатысы жоқ, әрине. Бірақ  қазақ жұрты осы ащы судан аулақ болса екен деген тілегім бар.

Роза ӘЛҚОЖА, әнші:

Көк тайғақта биені байқамай қағып кеттік

2016 жылы желтоқсан айының 1-нен 2-не ауған түні жол апатына түстік. Оқиға сағат бірлер шамасында болды. Көк тайғақта мұзда ойламаған жерден жол бойындағы үш жылқыға жолығып, ортасындағы биені байқамай қағып кеттік. Көлікті ақырын жүрігізіп келе жатқандықтан өзіміз жарақат алмадық. Десе де тосын оқиғадан шошынып қалдым . Алғашында жылқының құнын біз төлейтін шығармыз деп ойлағам. Сөйтсем, керісінше, малды иесі түнде бос жібергені үшін біздің көлікті жасатуы тиіс екен. Әрі «М» деген таңбасы бар бұл жылқының иесін сол ауылдағылар барлығы білетін болып шықты. Бірақ мал иесінің ізіне түскен жоқпыз. Қайта көлігіміз жарамсыз болып өртенсе де аман қалғанымызға Аллаға шүкір еттік. Осыдан кейін дәрігерге қаралып едім «Сотрясение мозга» деген диагноз қойды. Әрі  біраз уақыт тынығу керектігін айтты.

Жолапатынан соң көлігім мінуге жарамай қалды. Сосын  өзім ұнататын «Лексус 470» деген машинаны алдық. Бұрында машина жүргізгенде жол ережесін бұзбайтын едім, осыдан соң тіпті абайлайтын болдым.

Асхат САДЫРБАЙ, тележүргізуші:

Өте үлкен жол апаты болды

  Бұл оқиғаны сәтсіздік дегеніміз жөн болар. Себебі, ол кезде көлік тізгінінде такси жүргізушісі болатын. Мен жолаушы ретінде сол көлікке отырған едім. 2016 жылдың 20 мамыр күні еді. Өкінішке қарай, таксист оқиға орнында көз жұмды. Мен де үлкен жарақат алып, зардап шектім. Жамбасым, бел омыртқам сынды, бас сүйегім зақымданды, денемде тыртықтар қалды. Құдайға шүкір, әйтеуір аман қалдым. Бір жылға таяу уақыт өтсе де денсаулығым толығымен қалыпқа келе қойған жоқ. Осы уақытқа дейін әлі емделіп келемін. Бірақ қазір таяқсыз жүре аламын. Үш ай бойы орнымнан қозғалмай жаттым. Өйткені, өте үлкен жол апаты болды. Такси жүргізушісінен басқа жолаушылар да біраз уақыттан кейін ауруханада көз жұмды. Сөйтіп бұл жол апатынан менен басқа ешкім аман қалмады. Ауруханада көзімді ашқан кезде ешнәрсе түсінбедім. Бірақ орнымнан қозғала алмайтынымды білдім. Аяқ пен белім қозғалтпай ауырды. «апат айтпай келеді» деген рас екен.

Тергеушілердің айтуы бойынша, қарсы бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан көліктің баллоны жарылып, біз отырған көлікті соққан. Машина үш рет аударылып, 70 метр қащықтыққа дейін жолдан шығып қалған.

Жолапты кезінде өзім рөлде отырмағандықтан, оқиғаның қалай болғаны есімде қалмады. Аяқ астынан аударылып кеткенде, түсінбей де қалдым. Қазір рульге сақтықпен отырамын. Дегенмен, әлі деқорқыныш бар.

 

Пікір қосу