Жақында Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» повесінің желісімен фильм жарыққа шығады. Қазір түсірілім тобы Түпқарағанның ең көрікті жерлерінде жүр. Актерлердің қатарында «Жау жүрек мың бала» фильмімен көпшілікке танылған Асылхан Төлепов және «Кек» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнаған Алдабек Шалбаев та бар. Бұл туралы MangystauTV арнасына сілтеме жасап juldyz.kz хабарлайды.

 

«Қазақфильм» киностудиясының өзі «Шыңырау» фильмін түсіруге  Қаңға баба мекенін таңдап алыпты. Фильмнің сценарийі — 4 жыл бойы жазылған. Оны Әбіш Кекілбаевтың өзі оқып шыққан. Бастапқыда Еңсептің психологиялық болмысына риза болмаса, соңғы нұсқасына көңілі толған көрінеді.

Қоюшы режиссер – Жанабек Жетируов.

Қоюшы оператор – Ибрагимов Рифкат.

 

Басты кейіпкер Еңсептің рөлін  Алдабек Шалбаев, Жомартты Асылхан Төлепов, ал Оспанды Мақсат Сәбитов сомдайды.

Айта кетейік, қаламгер бұл повесінде сирек кездесетін ауыр кәсіп иелері — құдықшылардың өмірі туралы суреттеген. Көрермен қаламгер шығармасының экранизацияланған үлгісін, яғни «Шыңырау» фильмін үлкен экраннан осы жылы тамашалай алмақ.

 

 

Пікір қосу