Ертең, 18 мамыр күні Батырхан Шүкенов 55 жасқа толар еді. Осы мерейтойына  байланысты өнердегі әріптестері «Спасибо за любовь» атты кеш өткізеді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

24 мамыр күні, Республика сарайында, сағат 19:00 уақытында болатын концертте Б.Шөкеновтың әндері орындалады және оның Валерий Меладзе, Севара Назархан, Далар Назаров, Mezzo тобы, Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консерваторияның хоры мен қобызшылар ансамблі өнер көрсетеді. Кештің жүргізушісі – әнші, актриса Жанар Дұғалова.

Батырхан Шүкенов атындағы фондтың жоспары бойынша, осы кештен жиналған қаражатқа оның әндері жинастырылған альбом жарыққа шығарылмақ. Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 2015 жылы 29 сәуір күні Мәскеуде көз жұмған.

 

Пікір қосу