Күйші Асылбек Еңсепов өз туындысына бейнебаян түсірді. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Бейнебаянды  «Әке арманы» атты туындысына бауыры Сырымтай екеуі таспалауда.

«Біз бүгін көптен бері жазылған күйім «Әке арманы» деп аталады. Соны фильм етіп түсіріп жатырмыз. Аты айтып тұрғандай, әр әкенің арманы ел тыныш, халықтың амандығы, балалардың дұрыс жолда болуы. Соны 2 бөлімнен тұратын кино-картина арқылы жеткізуге тырыстық», — дейді Асылбек Еңсепов.

Айта кетейік, туындыда Асылбек түрлі елдің аспабын ойнай алатын өнерпаздармен бірге өнер көрсетеді.

Дереккөз: «Жұлдыз-ТВ» арнасы

Пікір қосу