Режиссер Қанағат Мұстафин «Ең әдемі» фильмін түсіру жұмыстарымен айналысуда. Жаңа комедиялық таспаның өндірісімен «Қазақфильм» мен Kanaidar production «Чеченфильм» кинокомпаниясы бірігіп жұмыс істейді. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.
Комедияның басты кейіпкерлерін Берік Айтжанов, Дәурен Айдарқұлов және Қуаныш Долдаев сомдайды.
Продюсер Айдархан Әділбаевтың айтуынша, «Ең әдемі» фильмін отбасы шеңберінде көруге болатын көне кеңестік кино форматында түсіреді.
«Ең әдемі» картинасының сюжеті көрермендерге Самат есімді жігіттің қызықты оқиғасын баяндайды. Самат достарының арасындағы жалғыз бойдақ болғандықтан, тезірек үйленуге асығады. Оған ең әдемі қалыңдықты таңдап беруге Тимур мен Бауыржан көмектеседі. Бірақ, бұл басты оқиға емес. Кейіпкерлер құны 20 миллион доллар тұратын антиквар құмыраны ұрлады деп айыпталады. Бір уақытта іздеуде, бір кезде қашқын болып жүрген достар қызықты оқиғалардың куәгерлері атанады.
https://www.instagram.com/p/BT9KAaTlP9O/?taken-by=kanagatmustafin
Айта кетейік, «Kanaidar production» киностудиясы үшін бұл халықаралықжоба болмақ. Өйткені, картина Қазақстанда, Сочиде және Солтүстік Кавказда түсірілетін болады.