GGG Cауль Альварестен жеңілген жағдайда өзінің барлық атақтарынан айрылады. Яғни WBA (Super), IBO, WBC и IBF белбеулерімен қоштасады. Бұл туралы juldyz.kz cайты vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының иесі Оскар Де Ла Хойя таратты. Оның айтуынша Г. Головкин бәске өзінің барлық белбеулерін қояды. Канело да бұл кездесуге құр қол келмейді екен. «The Ring» журналының версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионына тиесілі белбеуін ортаға салмақ. Сарапшылар болса бұл жекпе-жекте Головкиннің нокаутпен жеңуін күтеді. Өйткені мексикалық спортшыны осыған дейін ешкім де нокаутқа түсірмеген. Егер Гена Альваресті ұрып құлатса орта салмақтың патшасына айналады. Және WBO чемпионы Билли Джо кездесу ғана қалады.