Қазақстанның Форбс журналы ең бай 50 кәсіпкердің тізімін жариялады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Көш басына «KAZ Minerals» компаниясының президенті, мыс магнаты Владимир Ким жайғасты. Ол өз активтерін 2016 жылдың сәуірінен бері 800 млн долларға көбейткен. Оның байлығы 2,5 млрд доллар. Екінші орында Болат Өтемұратов.

Президенттің бұрыңғы кеңесшісінің қаржысы 2,4 млрд доллар екен. 2,2 млрд доллар капиталымен үштікті президент Н. Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы Тимур және Динара Құлыбаевтар түйіндейді. Байлардың бұл жолғы тізіміне жаңадан төрт адам қосылып отыр. Олар: Еркін Тәтішев (9 орын), Қайрат Сатыбалды (34 орын), Талғат Ахметов (35 орын), Асхат Омаров (50 орын). 31 жастағы  Талғат Ахметов ШҚО әкімі Даниял Ахметовтың ұлы. Оның байлығы 145 000 000 доллар.

Айтпақшы, Қазақстанның РФ-ғы елшісі И. Тасмағанбетовтың күйеу баласы Кеңес Рақышев дәулетті кәсіпкерлер тізімінде 7-орында. Оның байлығы 705 000 000 АҚШ валютасына бағаланып отыр.

Пікір қосу