31 мамырда Қарағанды облыстық соты елдің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің апелляциясын қарайтын болды. Бұл туралы   Tengrinews тілшісіне сілтеме жасай отырып juldyz.kz хабарлайды.

Ахметов мемлекетке 17 миллион 310 мың мың теңге шығын келтірді деген сот шешіміне қарсы шығып отыр. Соған байланысты 31 мамыр күні Қарағанды облыстық соты елдің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің апелляциясын қарайтын болды. Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасының отырысы 11.00-ге белгіленген және оған судья Елік Мұхамедин төрағалық етеді.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі төмендегідей хабарлайды:

«Қарағанды әкімі Ахметов Серік Нығметұлының, Әбдішев Бауыржан Түйтеұлының, Смағұлов Мейрам Ахмедиянұлының, Адамбеков Мұхтар Ермекбайұлының, Жәкенов Айдос Ғибадоллаұлының мемлекетке келген шығынды өтеу туралы шағымы бойынша іс материалдарын зерттеп, істі апелляциялық өндіріске алды. Іс тыңдауы 2017 жылдың 31 мамырына сағат 11:00-ге белгіленген».

Айта кетейік, 17 миллион 310 мың теңге – соттың шешімі бойынша, Серік Ахметовтің және оның төрт қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен мемлекетке келген шығын.

Пікір қосу