Журналист, медиалектор Өркен Кенжебектің Инстаграм желісінде жариялаған Рахымжан Қошқарбаев туралы жазбасын juldyz.kz ұсынады.

?Рақымжаннан басқа Рейхстагқа ту тіккендердің өмірі неге қайғылы аяқталған? Рақымжан Қошқарбаевтың Балқаш қаласында тұрғаны мен оқығанын білмейді екенмін. Сондықтан, Қарағанды облысына қатысы- кәнкретный. Демек, оның Рейхстагқа ту тігу операциясына реконструкция жасау идеясы жергілікті әуесқой тарихшыларды біраздан бері мазалаған. Иә, бұның алдында Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толуына байланысты оның Крюково деревнясы маңындағы шайқасын реконструкциялапты. Бұны да білмеппім. Бұл жолғы мақсат Рақымжанның ерлігін көрсету болған. Ақша өздерінен шыққан, әкімшілік тек өтетін жерді бергені болмаса. Неміс-сәбетті ойнаған сарбазардың костөмдерінің бәрі қатысушылардың өз қалтасынан. Содан бардық. Демалыс қой, диванда жамбас тоздырғанша деп. Майқұдықтағы театрдың алдында адам деген жиналып қапты. Бас-аяғы бір сағат болған театрландырылған көрініске екі жүздей адам қатысты. Идеялық көмекшісі ретінде Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия да ат салысыпты. Әлияның өзі келді, таныстық. Азды-кем әңгімеге тарттық. Шараның ұнағанын, Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын алдыңғы буындай жақсы білмейтін жастарға мұндай жанкешті ерлікті көрсету үшін ауқымын кеңейте беру керегін айтып.. жылап қалды. Өз басыма бұл шараның әбден ұнағанын айтсам жеткілікті шығар. Ал ең жақсы бағаны сол Қошқарбаевтың қызы беріп тұрғанда, басқалар үндемей тұра тұрса жөн болар еді. Айтпақшы, Рахымжан атамыздың «Гитлердің үйінен» Рейхстагқа дейінгі 360 метр жерді 7 сағатта жер бауырлап аман жеткенін ерліктің шыңы деп білемін. Сонда Рахымжан атамыз естелігінде айтқандай, «жерден жаңқа алып жоғарыға лақтырсаң, шұрқ тесік болатын», кәдімгідей қорғасыннан жаңбыр жауып тұрған. Содан шоқынған татар Григорий Булатов екеуі Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып ту тігеді. Алғашқылардың бірі дегеніміз, осы сәттен бастап Рейхстагқа сол кезде жан-жағынан кемі 20-30 ту тігілген екен. 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында. Себебі, әр дивизия, әр полк өз туын бірінші болып тігуге тырысқан, былайша айтқанда араларында «кім бірінші» деген жарыс басталып кеткен. Жалғасы келесі постта ???

A post shared by Orken KENZHEBEK (@orkeni) on

Басы алдыңғы постта ☝️☝️☝️ Сөйтсе, Мәскеу тарапынан Рейхстагтың төбесіне тігілсін деп тоғыз-ақ туды әзірлейді. Бірақ, бұл таңдаулы тулар жетпей қалған полктар қарап қалсын ба, немістің қызыл дивандары мен перделерінен жыртып-жыртып ту әзірлейді. Соларды ұстатып, алға пергілетеді сарбаздарды… Кейін ол тулардың «бейресми» болып танылып, есептелмей қалатынын, соғыс біткен соң кемі жиырма жыл бойы бұл ерліктері туралы айтуға болмайтынын ол кезде білмеді ғой, білмеді. Сол үшін бірінші болып Рейхстагтың колоннасына ту тіксе де, уәде еткен Кеңес Одағының батыры деген атағын бермей қалады Рахымжанға. Булатовқа да бермеді. Булатов Рейхстагқа ту тіккеніне ешкімді сендіре алмай, күйініп, араққа салынып, ақыры зауыттың әжетханасында асылып қалды. Рейхстагқа ту тіккен басқа да азаматтардың өмірбаяндарын қарадым – көбінікі аянышты. Тағы бір татар Ғази Зағитов 1953 жылы өзі айдап жүрген көліктің астына түсіп қайтыс болады. Иван Лысенко «соғыстан кейін бізді алдап соқты, лайықты құрмет көрсетпеді» деп көп айтып жүрген, артына жұмбақ адамдар түскен соң жым болыпты. Тәжірибелі электрик Виктора Провоторов жалаңаш тоқты қолымен ұстап, қайтыс болды. Михаил Ғабидуллин 60-шы жылдары әйелінің фамилиясымен шетелге шығып, жоғалып кетті. Михаил Пачковский кенеттен қайтыс болған, орманшы Степан Орешконы ағаш басып қалады, ал Қошқарбаевтардың басшысы болған Семен Сорокинді кейін өз саяжайында асылып өлгенін көреді. Бұның бәрінің Рейхстагқа ту тігу операциясына тікелей қатысы бар. Осыларға қарап отырсаң, тек Рахымжан Қошқарбаев қана арасында лайықты ғұмыр кешкен секілді, кітабын да жазды, құрметке де ие болды, Қонаев та сыйлаған, отбасысы болды, бақуатты ғұмыр кешті. Қарағандыда өткен Рейхстагқа ту тігудің реконструкциясы осындай аяулы батырымыздың ерлігіне құрмет көрсету, жастардың есіне салу деген мақсатты ғана көздеп еді. Көздеген жеріне тиген де шығар, тимесе, айып етпеңіздер.

A post shared by Orken KENZHEBEK (@orkeni) on

Пікір қосу