Димаш Құдайберген ЮНИСЕФ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылатын аты әлемге танымал актриса, продюсер, режиссер Ева Лонгорияның қайырымдылық Гала кешіне қонақ ретінде шақырылды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Қуанышты жаңалықпен Димаштың әкімшісі Алпамыс Шаримов Инстаграм парақшасында бөлісті.
Ева Лонгория – «Отчаянные домохозяки», «Симпсоны», «Беверли Хилс» фильмдерінде ойнаған актриса. Әлем жұлдыздары бас қосатын кеш 16 мамыр күні Франция астанасы Париж қаласында өтеді.