Жуырда Алматыға келген белгілі ресейлік әнші «Время» басылымына сұхбат берді. «Қазақстанның мен үшін орыны бөлек. Өйткені ең алғаш осы жерде жеке концертімді бердім» деп сүйіспеншілігін білдіріпті әнші елімізге. Бұл туралы  juldyz.kz хабарлайды.

Авраам Руссо Қазақстанда атымтай жомарттардың көп екендігінде айтып өтіпті:

 «Қазақстан Ресей әншілерін асырап отырған мемлекет. Алайда, соңғы екі жылда ресейлік әншілерді шақырту экономикалық қиындықтан он есеге азайған. Бұрыңғыны еске алсақ, ол кезде сіздердің елдеріңіз өркендеп тұр еді ғой. Бізге қаламақы Ресейден де жоғары төленетін».

Әншінің айтуынша, ол 40-минуттан 1 сағатқа дейінгі өнері үшін 35-40 мың доллар алып отырған. Кейбір әріптестерінің 100, 150, 200 мың долларға дейін алғанын айтады. Ол турист ретінде, концертпен және жеке шақыртумен Қазақстанға жиі келеді екен. Әйтседе, қазір шоу-бизнесте жағдай өзгергендігін де тілге тиек етіпті:

«Бұрындары ресейлік әртістердің пиар мамандары жергілікті әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста болған. Қазір ол байланыс үзілген. Қазақстандық БАҚ-пен де араласпайды. Бұл да өз салқынын тигізді. Әрі Қазақстан өз жұлдыздарын іздей бастады. Ресейлік әртістер жайлы аз айта бастады. Бұл бір жағынан заңды нәрсе».

Деседе, Қазақстанда маған деген сұраныс жоқ деп айта алмаймын дейді әнші өз сұхбатында.

Пікір қосу