Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлы университет түлектері өздерінен президенттік «Нұр Отан» партиясына ақша жинайтынын, тіпті кейбірін партияға мүше болуға мәжбүрлейтінін хабарлады. Бұл туралы centralasian порталына сілтеме жасап, juldyz.kz хабарлайды.
Қазақ ұлттық аграрлы университеттің аты-жөндерін айтуды жөн көрмеген төртінші курс студенті президенттік «Нұр Отан» партиясына 300 теңгеден жинағанын айтады. Оның сөздерінше, факультет деканының өкілі ақша жинамаса, диплом қорғауға жібермейтінін ескерткен.Аталған университеттің тағы бір студенті Мұхтарбек (аты өзгертілді) өзінің «Нұр Отан» партиясының мүшесі екенін енді білген.Қазақ ұлттық аграрлы университеттің «Нұр Отан» партиясының өкілі Тимур Сейілханов студенттер мемлекет саясатына көңілдері толады дейді. «Біз ешкімді мәжбүрлемейміз. Партияға мүше болғысы келетіндердің өздері келіп, анкета толтырады. Біз барлығын бірдей қабылдай алмаймыз. Тек білімді, таланнтты студенттерді таңдап аламыз», — дейді Сейілханов.
Университет проректоры міндетін атқарушы Бақыт Халыкова жағдайдан хабардар екенін, студенттер шағымы бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. «Бұл жайында өзім Instagram желісінен оқыдым. Студенттерді мәжбүрлемейміз. Қазір тексеру жүргізіп жатырмыз. Бәрінің таңдауы бар» деді ол.