Франция ІІМ 7 мамырда өткен президент сайлауының екінші кезеңінің дауыс беру нәтижесінің қорытындысы бойынша бұрыңғы экономика министрі, банкир Эммануэль Макрон жеңіске жетті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Макрон 66,06 пайыз дауыс жинаса,  оның қарсыласы әсіре оңшыл саясаткер Марин Ле Пен ханым 33,94 пайызға ие болған. Бұл әсіре ұлтшыл кандидат(Марин Ле Пен) ең көп дауыс алған сайлау болды.

Францияның жаңа президентін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Макронды Франция Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтады. «Франция халқы Сізге дауыс беру арқылы өзіңіз жариялаған, елдің қарқынды дамуына бағытталған өзгерістерді қолдайтынын көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен Франция өркендеу жолында жаңа тамаша табыстарға қол жеткізетініне кәміл сенемін», — делінген жеделхатта.

2017 Францияның ең жас президенті сайланған жыл болып тарих қойнауына кіреді. Франциядағы саяси науқанға Франсуа Фийон (экс премьер-министр), Бенуа Амон(бұрыңғы білім министрі), Марин Ле Пен және Эммануэль Макрон түскен болатын. Алғашқы екеуі сайлаудың бірінші турында жарыс жолынан шығып қалған еді.

Пікір қосу