«Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабековтың әр сөзін қазақтың жасы да, жасамысы да іліп алып, айтып жүреді. Juldyz.kz назарларыңызға М.Тазабековтың бүгінгі инстаграм парақшасына жариялаған постын ұсынады.
«Бір жақта белсіздікке ұшырап, беделден ажырап жатқан отағасылар, бір жақта немересіндей бүлдіршінге шауып, бүлініп жатқан опасыздар… Ақырзаманның белгісі емей немене?!
«Әй, дейтін әже мен қой, дейтін қожаның» ауылы алыста қалды. Көшеге шықсаң көзіңді, дыбыс шықса құлағыңды қоздырушы ақпаратты алып кеп, қу жүрекке құйып жатыр… Ақылға бағынатын ағза қалмады. Бұзылған жүрек пен құтырған нәпсінің қалауын орындап шауып бара жатқан жұрт… Дарақы отырыс, даңғаза әуен билеп тұр бізді… Арам ойлы аға, желіккен жеңге көбейді…
«Құдашадан құр қалма» деп, әзілдегендердің бүгінгі ұрпағы сәбиге көзін сүзіп отырған сүмелек, сұмдарды өсіріп шығарды…
«Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген ел едік. Алладан алыстадық па…?Дәстүрден жырақтадық па…? Тәрбиені тәрк еттік пе…? Әлемнің үрдісін үйреніп аламыз
деп жүргенде, жамандық үлгісіне иленіп бара жатқандаймыз. Аллаға сиынып, отбасылық құндылықтарды құнттап, садақа беріп, сауап іздемесек, жамандық жар астында, бәле қыр астында. «Мүминнің ақысын Құдай жемейді» деген.
Адал құлдарына Алла пана болсын!!