«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешова әнші Кенталдың бейнебаянына түсті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Әнші Кенталдың таңдауы актриса Меруерт Өтекешоваға түсіпті.

«Қыз Жібек Кенталдың бейнебаянына түсті. Өйткені қызықтың бәрі алда. Клип жарыққа шыққан кезде білетін боласыздар. Сол кезде көресіздер», – дейді Кентал НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында.

Әншінің бейнебаянға  Меруерт Өтекешованы шақырғаны бекер емес сияқты.

«Бұл клиптің сюжеті арқылы біз сүйіктілеріңізді жоғалтпаңыздар, құрметтеңіздер, сыйлаңыздар деп айтқымыз келеді. Бәрін айта алмаймын, жарыққа шыққан кезде түсінесіздер», – деп түсіндірді Кентал.

Айта кетейік, ғашықтық сезімді суреттейтін бейнебаян «Космос» деп аталады.

Пікір қосу