Қазақстандық продюсер, актриса әрі тележүргізуші Баян Есентаева өзінің кітабының алғысөзін жариялады, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.

Продюсер бұл туралы Инстаграмм парақшасына жазды.

Закончили! Скоро, и обо всем в моей книге!

A post shared by Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy) on

«Мен бұл кітапты ақталу үшін жазған жоқпын, маған қоғамның алдында ақталудың еш қажеті жоқ. Бұл кітап – өмірімнің 43 жылын қалай «қайта сүруге болатынын» ұғыну, түсіну. Қай жерде дұрыс немесе бұрыс кеткенімді саралау. Жақсы мен жаманды еске алу. Өрлеу мен құлдырау. Жеңіліс пен жеңістер. Сондай-ақ, мені түрлі жорамалдар әбден мезі етті. Өсек-аяңдарды елемей, төтеп бере алатын мықты адамдардың өзі ерте ме, кеш пе бос әңгімеден шаршап, бір күні жарылатыны анық.

Сондай-ақ, ол кітабының алғысөзінде өзінен үлгі алмау керектігін де айтып өткен.

«Осы кітап арқылы мен болған оқиғаның шындығын айтып беремін (жалғыз «цензор» — өміріме жақсы әсер еткен адамдардың жүрегін жаралап алмау). Қалай болғанын, неге болғанын түсіндіремін. Және мені сынап-мінеудің алдында мынаны есте ұстасаңыздар екен деймін: менің өмірім – қарапайым адамның өмірі. Қызметте өз орнын тауып, мансап құрған қарапайым әйелдің өмірі. Мен қарапайым адаммын. Маған қарап үлгі алыңдар демеймін. Мінсіз де емеспін, мені көтеріп алып, шайқасқа аттанатын ту да емеспін. Мінсіз адам болуға ешқашан тырысқан да жоқпын. Осыны есте сақтаңыздар. Рахмет»,-деп жазған автор.

Пікір қосу