Соңғы үш тәулікте Украина еліне «Евровидение-2017» байқауына қатысу үшін 20 шақты елден 200-ден астам қатысушы мен әкімші командалары келді. Бұл туралы juldyz.kz Украина шекара қызметінің баспасөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Евровидение-2017» жобасы Киев қаласында өтеді. Конкурстың жартылай финалы 9-11 мамыр аралағыныда, ал ақтық кезеңі 13 мамырға жоспарланған.
Ең қызығы, бұл конкурста Болгария елінен өнер көрсететін ең жас қатысушы Кристиан Костовтың әкесі – болгар болса, анасы Заура – қазақ. Заураның айтуы бойынша, ұлы қазақ тілін жақсы түсінеді. Себебі өзі Мәскеуде қызмет жасап жүргенінде, Кристиан нағашы атасы мен әжесінің тәрбиесінде болған. Кристиан Костов Евровидениеде «Beautiful Mess» деген туындыны орындайды.