-Құпия болмаса, жарыңызбен қалай таныстыңыз?

— Динараның негізгі шыққан тегі – Жамбыл облысының Қаратау қаласы. Ал өзі Алматыда туып өскен. Оның әке-шешесі мен менің әке-шешем бұрыннан сыйласып араласатын. Ал мен Динараны кішкентайынан білетінмін. Бір сөзбен айтқанда, ол – көз алдымда өскен қыз.

 — Яғни жар таңдауда әкеңіздің ақылына құлақ салдыңыз ба?

— Жо-жоқ, олай емес. Бізді қосқан – нәзік сезім мен махаббат.

 — Ол сізден 14 жас кіші екен, мектеп бітіре салып тұрмысқа шығыпты. «Қызым алдымен оқуын бітірсін» деп әке-шешесі қарсы болған жоқ па?

— Жоғарыда айтқанымдай, Динара – араласып жүрген ағаларымыздың қызы. Сондықтан үйленуімізге әке-шешесі қарсылық білдірген жоқ. Бірақ «жарайды» деп бірден келісімдерін де бермеді.

 — Оның жоғарғы білім алуына қарсы емессіз бе?

— Менің бір ағам: «Мектеп бітірген қыздар үшін ДХИ (Домашний Хозяйственный Институт) деген тамаша мамандық бар. Әйел адамға содан асқан маман жоқ», — деп әзілдеп айтушы еді. Сол айтпақшы, қазір жарым үй шаруасында. Арасында білімін жетілдіру үшін әр түрлі курстарға қатысып тұрады. Сондай-ақ Шымкент қаласында бір оқу орнында дизайнер мамандығы бойынша сырттай оқып жатыр.

 — Оның қандай қасиеттерін бағалайсыз?

— Алла тағала әйел адамды ер-азаматқа жұп қып қосқаннан кейін оның жекеменшігі болып саналады. Сондықтан ол туралы ештеңе айтқым келмейді.

dsc_4679 10632262_494616303975116_350058163_n dsc_4410

(…толық нұсқасын

«Жұлдыздар отбасы» журналының

№8, 2015 жылғы санынан оқи аласыздар)

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материал ішінен сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

Пікір қосу