15 сәуір күні Ақтөбедегі Елек өзені тасып, жүздеген тұрғын үйді, саяжайларды су басып, төтенше жағдай жарияланған болатын. 898 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Сол су тасқынына байланысты жақында juldyz.kz редакциясына Ақтөбе «Асыл ана» көпбалалы аналар қоғамының төрайымы Самал Селбаева ханымнан хат келіп түсті. Онда төмендегідей жазылған:
«Ақтөбеде су апаты кезінде баспанасыз қалған жұртты мектептерге орналастырды. Қаланың бір мектебінде 400 адам түнеген кез болды. Меніңше, мұндай апатты жағдайларға арналған арнайы ғимараттар болуы керек. Дене шынықтыру залын әскери казармаға айналдырудың қажет қанша?! Оған қоса, Қазақстанның түкпір-түкпірінен отандастарымыз гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айдашева Рузия мен қалалық маслихаттың төрайымы Сұлупан Шынтасовалардың сол дүниелерді мұқтаж халыққа берді дегенге күмәнім бар. Себебі, қазір менің қолымда көпбалалы 30 ананың арыз-шағымы бар. Олардың барлығының жергілікті билік тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға көңілдері толмайды. Айтуларынша, көмек ретінде жаңа емес, қоқыстан табылған киім-кешектерді таратып жатыр. Бұдан бөлек басқалардың да шағымдары бар еді, оларды «көмектен құр қаласыңдар» деп қорқытып кері қайтарып алғызды. Біз, қоғамдық ұйым ретінде, баспанасыз қалған тұрғындарға барынша көмек беріп, қолдау көрсетіп жатырмыз».
Еске сала кетейік, 25 сәуір күні су тасқынына байланысты Петропавл қаласы төтенше жағдай режимін жариялаған. Сондай-ақ, Оңтүстік астананың бірқатар аудандарың су басып, бір күннің ішінде 60-қа жуық оқиға тіркелген.
Осы Су таскыны кызлагаш апатынын кеин жи болып барады.жылда коктем келе осы проблема!, Су тасыганы осы жогары отырган шенеуликтердин бюджеттен акша сору ушин жасайма деп оилаисын.