2016 жылдың басындағы мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны 17670579 адам. Оның 10066544 қалада тұрса, 7604035 ауыл халқы болып есептеледі. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі бес жылдың ішінде 1,5 есеге қысқарып, 2016 жылы 2,6% құрады. Сонымен қатар, қалалық және ауылдық жердегі табыстардың айтарлықтай саралануы сақталуда. Осылайша, қалалық жерде табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен. Халықтың үлесі 1,3%-ды, ал ауылдық жерде 4,4%-ды құрады. Ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден 3,4 есеге асып түсті.
Өңірлер бөлінісіндегі кедейлік деңгейін қарастыратын болсақ, 2016 жылы кедейліктің ең жоғары көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан (5,1%), Солтүстік Қазақстан (3,4%) облыстарында, ең аз үлесі – Астана (0,7%) және Алматы (0,8%) қалаларында байқалғанын атап өткен жөн.
Айта кетейік, мұндай ақпаратты www.stat.gov.kz жаңалықтар- комитеттің баспасөз хабарламасында таратылған.