Отандық режиссер, продюсер әрі актер Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовпен бірге фильм түсіруді ойлап жүрген көрінеді. Режиссер бұл туралы сaravan.kz сайтына берген сұхбатында айтты, — деп жазады juldyz.kz порталы.
Жақында Нұртас Адамбай ресейлік режиссермен бірге жұмыс істейтінін өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
A post shared by nurtasadambay (@nurtasadambay) on
«Бір кездері Тимурмен әңгімелескенімде, ол маған «Мен сені әрқашанда қолдауға дайынмын!», — деген еді. Оның үстіне, өткен жылы отандық кинолардың билеттерін арзандатуға байланысты Тимур тарапынан айтылған идеяға өз пікірімді білдірген едім. Сол кезде мен «мэтрді» сынағандай болғанмын. Бірақ, Тимурдың ақылды адам екенін, барлығын дұрыс түсінетінін білдім. Кейде дау арқылы шындық туады емес пе? Осыған дәлел ретінде, оның көмекшісі маған қоңырау шалып, Тимур Нуруахитұлының менімен кездескісі келетінін айтты. Мен үшін онымен сөйлесу, өз идеямды айту қызық болды. Тимур мені асықпай тыңдап, өз пікірімен бөлісті. Сені түсінетін адаммен сөйлескен қандай жақсы. Алдағы уақытта бірігіп өз жобамызға кірісіп, халыққа қызықты болатын туындыны жасаймыз деп үміттенемін», — дейді ол.