Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері боксшы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) қарсыласы белгілі болды, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.
Келесі жекпе-жегін қазақстандық боксшы 26 мамырда Флоридада өткізеді. Оған мексикалық Норберто Гонсалес қарсылық көрсетеді. Мексикалық боксшы кәсіпқой бокста 31 жекпе-жек өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен (12 КО) және сегізінде жеңіліске ұшыраған.
Айта кетейік, боксшылар WBO NABA және WBA intercontinental титулдарын сарапқа салады.