Соңғы тәулікте Петропавл қаласының іргесіндегі Заречный кентінде 118 адам эвакуцияланды.
147 бас мал басқа жаққа әкетілді. Қазір елді мекенде су астында қалған үй жоқ. Кейбір адамдар өз баспаналарында қалған. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, Шал, Есіл аудандарды жағдай қалыпты. Су Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына келген. Сондай-ақ облыс басшысы көшпелі отырыста шаһардың Хромзавод кентінде биіктігі 1,5 метр, ұзындығы 50 метр бөгет салынып жатқанын жария етті. Көшпелі отырыста Ғ. Мүсірепов ауданына қарасты Рузаевка ауылында судан 12 үйге зақым келгені және өткен аптада сенбілік өткені де айтылды.
Өз тілшіміз