Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген  Қытайдың Сиань қаласындағы жапондық ISSEY MIAYKE танымал брендінің сауда үйін ашу салтанатының құрметті қонағы болды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Әншінің пиар-менеджері бұл туралы Инстаграм парақшасында жазған.

Димаш аталмыш шарада Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өзінің «Ұмытылмас күн» атты əнін орындаған.

Айта кетейік, Димаш «Battle of memories» әні үшін «Top Global Chinese Music» жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ «Singer» тікелей эфирінің Гала-концертінде Мұнайдар Баймолданың сөзіне жазылған сазгер Айгүл Бажанованың «Махаббат бер маған, Тағдыр» атты жаңа əнін шырқады.

Пікір қосу