Отандық «Оралман из Питера» комедиясының ресми саундтрегі жарияланды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Фильмнің саундтрегі «Белые ангелы» шығармасына жазылған. Әнді «Лашын» тобы мен продюсер әрі сазгер Арман Дүйсеновтың қызы Арай Дүйсен орындады.

«Оралман из Питера» комедиясы – ауылдық музыканттардың қаладағы қызықты оқиғасы туралы. Үш дос Мәдениет үйіне арналған аспаптар сатып алу үшін Алматыға келеді. Алайда,  кейіпкерлер өздеріне берілген ақшаны байқамай құртып қояды. Онымен қоса, жергілікті қылмыс дөкейіне қомақты көлемде қаржы қарыз болып қалады. Бастарына түскен жағдайдан тек ғажайып оқиға құтқара алады. Немесе, музыкалық топ арасында өткізілген байқаудан жеңіске жету керек.

Көңілді музыканттардың рөлін актерлар: Дәурен Айдарқұлов, Асан Мәжит, Қуандык Шәкіржанов сомдайды. Оларға Динара Бақтыбаева мен Дина Тасболатова қосылды.

Айта кетейік, картина режиссері «Каникулы в Таиланде» комедиясының жұмыстарын аяқтап бітірген жас маман Ален Ниязбеков болды. Кинокартина айналымға 12 сәуірде шыққан.

Пікір қосу