Жол апатына ұшырап, ота жасатқан әнші Ернар Айдар ертең ауруханадан шығады. Бұл туралы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.
Әншінің директоры Ернар Айдардың жағдайы туралы мәлімет берген. Оның айтуынша, әнші ауруханадан ертең шығарылады.
«Оның жағдайы жақсарды. Ол жүріп-тұра алады, әзірше қиындау. Шыққаннан кейін үйінде ем алады», — деді әншінің директоры.
Айта кетейік, белгілі әнші Ернар Айдар жол апатынан зардап шеккен болатын. Оқиға 12 сәуірде Алматы-Шымкент тасжолында болған.