Әнші Арман Қоңырбаев пен Аша Матай балалар мен жасөспірімдерге пайдасын тигізетін іспен айналыспақ.Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.
Бастаған істері жөнінде жұлдызды жұп Арман мен Аша әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.
“Бұл іс еліміздегі балалардың денсаулығына қатысты болғандықтан өзіміз де оны асыға күттік. Осы сенбіде балаларының денсаулығына бейқам қарамайтын ата-аналарды кеңсеміздің ашылу салтанатында күтеміз. Ал келе алмайтындар қапа болмаңыздар. Фотоесепті парақшама саламын”, – деп жазды Арман Қоңырбаев