ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында орташа жалақының көлемі өскенін айтты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.
«Иә, орташа жалақының өскенін ерекше атап өткен жөн. Бүгінде орташа жалақы 148,6 мың теңгені құрап отыр. Биыл аталған көрсеткіш 3,8 пайызға өсті. Өткен жылы тура осы уақытта, керісінше, 9,6 пайызға төмендеген. 2015 жылда да орташа жалақының көлемі азайған болатын. Сондықтан үстіміздегі жылда орташа жалақының көтерілуі — қуантарлық жағдай», — деді Сүлейменов Үкімет отырысында.
Министрдің сөзіне қарағанда, өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, жұмыссыздықтың деңгейі 0,1 пайызға төмендеп, 4,9 пайызды құраған.